Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі жамағатпен кездесті

29.10.2014 3547 0 пікір

Семей қалалық Бір мұнаралы тас мешітінде, ҚМДБ-ның ақпараттық насихат құрамының мүшесі, белгілі дінтанушы Ризабек Батталұлымен кездесу өтті.

Мешітке жиналған жамағат алдында ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы: Мақсат қажы Қуанышбекұлы қаламызға келген қадірлі қонақпен таныстырды. Ризабек бауырымыз Әйгілі – Әл-азхар университетінің түлегі, ақида – хадис саласының маманы, Нұр – Мүбарак университетінің оқытушысы екенін атап айтты.

"Ұлтымыздың зиялылары, даналары өткен шежірелі Семей жеріне келіп сіздермен жүздескеніме қуаныштымын", - деді Ризабек Батталұлы. Құран аяттарының тәфсірі, иман негіздері ақида, хадис ілімі туралы кеңінен түсінік берді. Алла Тағала адам баласын басқа жаратылыстардан қастерлі етіп, ұлық нығмет ақыл беріп ардақтаған. Қасиетті Құрандағы Аср – сүресінде: "Алла Тағала уақытпен ант еткен. Негізінен адам баласы сөзсіз зиянда, бір-біріне шындықты үгіттесіп иман айтқан пенделерден басқа", -дегн. Біздің құлшылық амалдарымыз шариғат үкіміне сай дұрыс болуы үшін, ақидамыз иман негіздеріміз дұрыс болуы өте маңызды. Құранда мухкам мағынасы айқын Мүташабих ұқсас ұғымды аяттар бар. Мағынасы айқын аяттарға байланысты ғалымдарымыз мағына беріп, тәфсірін жасаған. Ал мүташабих аяттарда Алла Тағалаға қатысты айтылған мәселеге ғалымдарымыз (тәуил) жорамал жасамаған. Бір Алла біледі деп қалдырған. Кейбір ақида да адасқан ағымдар мүташабих аяттарда келген Алланың қолы бар, жүзі бар, отырады, жүреді деген сияқты жаратушыны жаратылған мақұлыққа ұқсатсақ, қатты қателесеміз деп, баса айтты. Аят – хадистен дәлел келтіріп кеңінен мағлұмат берді. Жиынға қатысқан қаламыздағы мешіт имамдары, жамағаттары көкейлерінде жүрген әртүрлі сауалдарын қойып нақты жауаптарын алды. Құранда ізгілікке тақуалыққа бір-біріңе жәрдемдесіңдер күнә жасауға дұшпандықтан аулақ болыңдар деген. Жиын соңынан  өкіл имам: Алтыбай Мақсат  Қуанышұлы қала мұсылмандары, бүкіл мешіт жамағаттары атынан, Ризабек бауырымызға, Алла разы болсын деп рахмет айтты. Арнайы шақыртуын қабыл алып, келгеніне шынайы ризашылығын білдірді. 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру