Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәмілеге (меморандум) қол қойылды

28.10.2014 3834 0 пікір

Жуырда облысымызда ата-бабамыздан жалғасқан асыл дінімізді дамыту, ел болашағы-жастарды түрлі діни ағымдардан алдын алу, облысымыздағы имамдардың  қызмет атқару мүмкіндігін жақсарту, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында  «Әбу Ханифа» Қоғамдық Қоры құрылған еді.  Осыған орай 27 қазан күні Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновпен «Әбу Ханифа» қоғамдық қоры төрағасы К.Кеңесбаевтар алдағы уақытта бірлесіп атқаратын іс-қызметтері бойынша өзара мәміле (меморандум) жасап қол қойды.

Мәмілеге қол қою барысында тараптар аталмыш қоғамдық қордың іс-қызметі аясында ерікті түрде Ислами одақтарға, қауымдастықтарға бірігіп қайырымдылық қызметін жүзеге асыру, тұрмыс жағдайы төмен адамдарға рухани және материалдық көмек көрсету, оқыту және кадрлар даярлауға қолдау жасау, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға кеңестік қызмет көрсету, сонымен қатар деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпараттарды БАҚ арқылы насихаттау қатарлы ортақ міндеттеріне келісті.

Арықарай тараптар міндеттерін бөлісті. Мәселен «Мәшһүр Жүсіп» мешіті «Әбу Ханифа» Қоғамдық Қорының барлық іс-қызметтеріне келісім арқылы қолдау көрсетіп, Қордың тұрақты қызмет атқарып тұруына мүмкіндік жасайды. Ол үшін: «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті ғимараты ішінен кеңсе және кеңсе құрал-жабдықтарымен тегін қамтамасыз етеді. Қызмет барысында аудан, ауыл мешіттеріне баруға көлікпен қамтамасыз  етеді делінсе, «Әбу Ханифа» Қоғамдық қоры имам, молдалардың іс-қызметін бақылауға арналған жалпы Ережеге сай оларға тұрақты, әділ қызмет көрсету, әр тоқсан сайын Қордың іс-қызметтері туралы жалпы жамағатқа, халыққа БАҚ арқылы ашық есеп беру т.б көптеген міндеттер атқаратын болады.

Сонымен қатар, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп»  мешіті мен «Әбу Ханифа» қоғамдық қорының жанындағы «Иманшарт» тәуелсіз қазылар алқасын 5 адамның құрамында бекітіп, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Қазан айынан бастап «Әбу Ханифа» қорынан ауыл, аудан, қала имамдарына  олардың іс-қызметін бақылауға арналған жалпы ережені ұстана отырып  ай сайын көмек қаржы беріле бастайды. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру