Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әскери борышын өтеушілерге жат ағымдар жайында түсіндірілді

27.10.2014 3317 0 пікір

ҚМДБ- ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбеков Ақтау қаласындағы №35950 Әскери бөлімінде болып, әскери борышын өтеушілерге қоғамдағы жат ағымдар мәселесін түсіндірді. Жиында аймақтық Дін істер басқармасының облыстық мешітпен бірлескен ақпараттық-насихат тобы мүшелері «ҚР діни экстеремиз мен терроризмге қарсы іс әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарлама», «Дәстүрлі ислам» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға елуден астам тыңдарман қатысты. Ұтымды сәтті пайдаланған жастар мамандарға мазалаған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала алды. Ортада айтылған сауалдардың бірі адасқандарды ажыратудың жолы турасында болды. Бұған Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы С.Сейтбеков «Қазіргі адасқандар арасында белгілі бір себептермен сақалын алып, балағын ұзартып жүргендер бар. Сондықтан оларды ажыратудың бірден бір жолы «Алла қайда?» деп сұрақ қойғанда «Аспанда» деп жауап береді»,-деп Ислам атын жамылып жүрген теріс діни ағымдардың бірден бір сипатын баяндап берді.

Кездесу соңында қатысушылардың назарына «джихад» деп жолдан тайғандардың теріс ұстанымын ашықтайтын «Вербовка в никуда» атты бейне ролигі ұсынылды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру