Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұхаррамдағы басқосу бірлікке бастауда

27.10.2014 3212 0 пікір

Атыраулық жамағатқа асыл дінімізді дұрыс жеткізіп, имандылық кәусарынан сусындату мақсатында еліміздің білікті теологтары мен дінтанушылары шақыртылып келеді.  Әрине, бұл уағыз-насихат шарасы жамағат арасында өзіндік жемісін беруде.

Мұнайлы өңірдегі кезекті насихат жұмыстарына Алматы облысы, Жамбыл аудандық орталық мешітінің бас имамы  теолог-исламтанушы  Мәжен Ернар Қалмаханұлы арнайы келді. Атырау атырабындағы мешіт жамағатымен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, білікті теолог 24-қазан Атырау облысы, Индер ауданында болып, «Әйіп қажы» мешітінде жамағатқа келелі уағыз жасады. Сондай-ақ, қазанның 25-де Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің бір топ жамағатына ақшам мен құптан намазының аралығында «Аллаға мойынсұну, шүкірлік ету, мұсылманның сипаты» хақында мәні зор уағыз өткізді. Теологпен кездесу қалаға қарасты «Қ.Мұңайтпасов» атындағы және «Мәулімберген» мешіттерінде де өз жалғасын табуда.

Өздеріңізге белгілі, 25-қазан мұхаррам айының басталуымен сәйкес келуде. Мұсылман күнтізбесінде жыл басы – қасиетті мұхаррам айы. Міне, осыған орай 25-қазан күні мұхаррам айының құрметіне "Иманғали" орталық мешітінде жамағатқа арналып дастархан жайылды. Онда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы мұхаррам айымен жамағаттарды құттықтай келіп, бұл айдың қадір-қасиеті мен ондағы жасалатын сауапты амалдар жайына тоқталды. Мұнан соң сөз кезегі құтты қонақ Алматы облысы, Жамбыл аудандық орталық мешітінің бас имамы теолог-исламтанушы Мәжен Ернар Қалмаханұлының тұщымды уағыз-насихатымен өз жалғасын тапты.  

Айта кетейік, жамағатпен бас қосу шарасы «Иманғали» орталық мешітінде жыл басынан бастау алып, ай сайын өткізіліп келеді. Жамағаттың өзара ынтымағы мен бірлігін арттыру жолында қолға алынған мұндай игілікті істер қала мешіттері тарапынан да жалғасын табуда.

«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру