Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Колледжде өткен кездесу

27.10.2014 3312 0 пікір

Семей қаласындағы Геологиялық барлау колледжінде «Діни ағымдармен күрес» тақырыбында жас ұрпаққа уағыз айтып, жат ағымдардан сақтандыру мақсатында колледж мұғалімдерімен және оқушыларымен Семей қалалық Төлеубекқажы мешітінің Бас имамы Шрайынбеков Ұлан Ермекұлы кездесу өткізді. 

Дін қызметкері жиналған мұғалімдер мен оқушылар қауымына жастар еліміздің болашағы, біздің басты құндылығымыз екенін айта келе, оларды дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауынан қорғау керектігін, қоғамда болып жатқан құбылыстардан мысал бере отырып, олардың мемлекетіміздің тыныштығына, отбасының ауызбіршілігіне, жалпы адам санасына тигізіп жатқан кері әсерлерін ашып көрсету керектігін айтты.

Кездесуге қатысушылар қазіргі кезде Ислам дінінің атын жамылып жихад жариялап өз-өздерін жарып, зұлымдық істеп жатқан қандастарымыздың әрекеті туралы сұрақтарына имам: "Ислам - деген сөз бейбітшілік, амандық, тыныштық деген мағына білдіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) «Мұсылман басқа біреуге не қолымен, не тілімен зияндық көрсетпеген адам»-деген. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) адам баласы түгілі жан-жануарларға, хайуанаттар мен табиғаттағы өсімдіктерге де мейірімді болуға шақырады. Алла Тағала Құран кәрімде «Уа, Мұхаммад! Біз сені әлемдерге рахмет ретінде жібердік», - деген. Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) тек қана мейрімді, кешірімді болуға насихаттайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) 1. Ата-анаға қызмет ету. 2. Әйел, бала-шағаңды дұрыс тәрбиелеп жағдайларын жасау. 3. Өз нәпсілеріңді тәрбиелеулерің»-деген,-деп тағылымдық мәні зор кеңес беріп, хақ жолды түсіндірді. Жиын барысында басқа да еліміздегі діни ағымдардың жағдайлары туралы әңгіме өрбіді. «Жат ағымдардың жетегінде кетудің себеп салдары діни білімсіздіктің салдары-деді имам өз сөзінде,-. Алла Тағала Құран Кәрімде «Бір Аллаға иман келтір, пайғамбарлардың жолымен жүр және араларыңдағы басшыларға бағын», - деген. Дін мәселесінде мешіттерден сабақ үйреніп ҚМДБ-ның тағайындаған имамдарымен кеңесіп, бірлігімізді сақтайық. Тағылымдық мәні зор кездесуден оқушылар да ұстаздар да рухани азық алып, ерекше әсермен қайтты.

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру