Ақмола облысы Степногорск қаласының Паң Нұрмағамбет мешітінің мен Степногорск қаласының Жұмыспен қамту және Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Степногорск қаласында тұратын мүгедек балаларды Астана қаласына саяхат жасатып қайтты.
20 бала және 15 күтушіден тұратын саяхатшыларды Астана қаласын аралату үшін «Степногорскавтотранс» ЖШС автобуспен қамтамасыз етті. Мешіт басшылығы мен Әлеуметтік қорғау бөлімінің мамандары балаларды қаланың ең көрікті жерлері: Ипподром, Әзірет Сұлтан мешіті, «Думан» ойын-сауық кешені және Мемлекеттік мұражайды аралатып, балаларды үлкен қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, Әзірет Сұлтан мешітінде балаларға арналып дастархан жасалып, түскі ас берілді.
Мүгедек балаларға жасалған қамқорлық ретінде, сондай-ақ балалардың қоғамда алатын лайықты орны бар екенін көрсету үшін жасалған қайырымдылық шара болды.
Степногорск қаласының
Паң-Нұрмағамбет мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.10.2014
3336
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру