«Рухани келісім» күніне орай қазан айының 24 жұлдызы күні Маңғыстау облыстық дін істері басқармасы тарапынан ұйымдастырылған облыстық әкімдіктің конференция залында өткен жиынға Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Сейтбеков Смайыл қатысып, «Ислам тыныштықты қалайтын дін» тақырыбында баяндама жасады. Қазіргі таңда исламға жағылған түрлі «изимдердің» асыл дінімізге қатысы жоқтығын, ислам керісінше адамзатқа тыныштық пен бірлікті қалайтын дін екендігін өкіл имам баяндамасында айтып өтті.
Ислам өзге дін өкіліне құрметпен қарауды бұйырады. Олармен қалай қатынас жасау керектігін ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз өмірінде тамаша етіп көрсетіп кеткен. Әділетті халифалар да Пайғамбар салған сара жолды ұстанып, исламның дінаралық татулық пен келісімді қолдайтынын іс жүзінде көрсете білгенін өкіл имам тарихи мысалдармен келтіріп өтті.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің
баспсөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2014
3026
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру