Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе шәкірттері мешіт имамының уағызын тыңдады

24.10.2014 3359 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы «Астана» медресесінің шәкірттерімен кездесу өткізді. Дін саласының мамандарын даярлайтын оқу ордасының қабырғасында өткен келелі кездесуде «Мұсылман жанның сипаты» тақырыбы көтеріліп, шәкірттерге дәріс оқылды. 

Мұсылман жанның ішкі жан-дүниесімен қатар, қоршаған орта қоғамдағы рөлін қаншалықты болуы керектігі жайлы, жалпы адами қарым-қатынас турасында сөз қозғаған Қуат Ерғалиұлының  тұщымды уағызы шәкірттерді өзіне ұйытып, өмірлік сабақ болар жайттарды тізіп берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру