Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар біліктілігін арттыруда

24.10.2014 3362 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтың ұйымдастыруымен 21-қазаннан 23-қазан күндері аралығында қала, аудан, ауыл имамдары арасына 3 кезеңмен жүрілетін 3 күндік  семинар сабақтардың алғашқы кезеңі жүріліп өтті. Бірінші кезеңдік семинарға барлығы 20-дан астам ауыл имамдары қатысып «Ақида», «Усулул-Фиқһ», «Дін мен дәстүр», «Хадис ғылымына түсініктеме», «Құран оқудың пайдалары», «Имамдық қызметтің жауапкершілігі» тақырыбында 30 сағаттық дәрістер тыңдады. Дәріс сабақтары лекциялар, еркін әңгіме, семинар сабақтары үлгісінде жүрілді. Дәрістерді  облысымыздағы білікті де білімді имамдар, таңдаулы ұстаздар  облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен бекітілген арнайы сабақ кестесі бойынша аса жауапкершілікпен жүргізді.

«Үш күндік семинар барысында ауыл, аудан имамдары бұрыңғы білімдерін қайталап пысықтаумен қатар Ислам әлеміндегі соңғы жаңалықтар, өзгерістер мен жаңашылдықтар, сондай-ақ Ақида, Фиқһ ілімі бойынша білімдерін тереңдетті. Семинар соңында имамдар жүргізілген дәрістер бойынша берілген сынақ билеттері арқылы алған білімдері бағаланды. Алдағы уақытта облысымыздағы  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің материал-техникалық мүмкіншілігін пайдалана отырып барлық қала, аудан, ауыл имамдарының біліктілігін арттыру мақсатына апта сайын 5 адамның құрамында үзіліссіз оқыту-семинар жұмысын жүргізу жолдарын қолға алудамыз»,-дейді өкіл имам Нариман Ермекұлы.  

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру