Атырау облыстық Н.Жантөрин атындағы филармония сарайында «Рухани құндылық − адам жанының алтын арқауы» тақырыбында семинар өтті. Шараға белгілі дінтанушы, теолог, «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы Қанат Жұмағұл, Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, өңірімізге арнайы келген Алматы облысы, Жамбыл аудандық орталық мешітінің Бас имамы Ернар Мәжен және қаламыздың мектеп директорларының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Жиын басында «Хабар» агенттігі ұсынған «Радикализм матрицасы. (Дін мен дәстүр. 2-бөлім)» атты бейнефильм көрсетілді.
Семнинар барысында: «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы Қанат Жұмағұл: «Мемлекет жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен ұлтаралық бірлікті дамытуға бағытталған нақты саясат аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы, ата-ана мен бала арасындағы бірлікті, жастардың ішкі мәдениетінің дамуын ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан қамтиды. Өкінішке орай, бүгінде жалған діни ағымдардың қатері жастарға қаупін төндіруде. Сондықтан мұндай тығырықтан шығудың жолы қоғам болып бірігіп, рухани байлығымызды нығайтуымыз керек», - деді.
Сонымен қатар, қатысушылар екі жақты байланысты үзбеу туралы, сауат ашу семинарларын жиі өткізуді бірауыздан қолдады. Кездесу соңында мұғалімдер тарапынан «Мектеп формасына сәйкес келмейтін орамал тағу қажет пе?», «Дін ұстанған ата-анамен қалай байланысқа түсу керек?» секілді көптеген сауалдар жолданып, дінтанушылар тұщымды жауаптарын берді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.10.2014
6168
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру