Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам бастаған ЖУНТ-тың кезекті сапары аяқталды

23.10.2014 3094 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің ұйымдастыруымен жылда тұрақты түрде ЖУНТ мүшелері аудандарға аттанып, онда жоспарлы түрде түске дейін 5 ауылдық елді мекендерге, түстен кейін 5 мекемелерге насихаттық жұмыстары жүргізіліп келді.

Биыл да осы бағыт қарқынды жолға қойылып, Өкіл имам бастаған білікті 5 имамнан құрылған ЖУНТ мүшелері 4 күнде 4 ауданда болып 40 жерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Бұл насихаттық топтардың әрбір сапарларының жемістерін көріп келеміз. Әр кездесулерде кейде арнайы мешітке келіп өз алғыстарын білдіріп келеді. Бұл Бас мүфти хазреттің бастамасымен жалғасын тауып келе жатқан осы ЖУНТ мүшелерінің әрбір сауапты сапарларының жемісі деп білеміз.

Иә, расында түрлі ағымдар мен ақпарат айдындарындағы сананы улайтын үгіттеулердің салдарынан әсіресе жастарымыз біраз жапа шегіп, дәстүрлерімізді жоққа шығарып, айрандай бір мазхаб аясында ұйып отырған мұсылман жұртшылығының оқыған намаздарына да тиісіп сан қилы бүліктер шығарып келу нәтижесінде жұртшылыққа мұндай насихаттық топтардың тұрақты түрде үгіттерін жалғастырып отыру өте керек-ақ.

Алла Тағала дін жолындағы барша насихат жүргізіп жүрген бауырларымызға сансыз сауаптар жазып, еңбектеріне береке беріп, өзгелердің асыл дініміздің дұрыс бағытын ұстануды жазсын. Еліміз тыныш, халқымыз бейбіт өмір кешсін! Әмин.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру