Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада руханият және дәстүр айлығы жарияланды

23.10.2014 3705 0 пікір
18 қазан - Рухани келісім күні. Осыған орай, 18 қазан мен 18 қараша аралығы «Руханият және дәстүр» айлығы болып жарияланды. Бұл туралы облыстық дін істері басқарма басшысы Нұрхан Жалиев облыстық коммуникация орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

Осы орайда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев білім беру ұйымдарындағы дінтану негіздері пәні оқытушыларының білімін жетілдіру үшін арнайы іс-шара жоспарын бекітті. 

Брифингте Нұрхан Жалиев өткізілетін шаралар мен тоғыз айда атқарылған шаралар барысымен таныстырды. Айлық аясында білім беру мекемелерінде дінтану негіздері пәні оқытушыларының білімін жетілдіру үшін семинарлар ұйымдастырылып, олардың біліктілігіне талдау жасалмақ. Шара барысында кездесулер, әдет-ғұрып, дін тақырыбында ақын-жазушылардың арасында мәнерлеп оқудан байқаулар, этномәдени орталық белсенділерімен дөңгелек үстел отырысы, кітап көрмесі және ағаш отырғызу рәсімдері, сенбіліктер ұйымдастырылмақ. Руханият және дәстүр айлығы 18 қарашаға дейін жалғасады.

Елубай Әуезов
www.inform.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру