Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мемлекет күштілігі - маман біліктілігінде

22.10.2014 3973 0 пікір

"Иманғали" орталық мешітінде имамдар білімін жетілдіру мақсатында "Мемлекет күштілігі − маман біліктілігінде" атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Алматы қаласындағы Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, танымал теолог-дінтанушы Бауыржан Әлиұлы, Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, "Әт-Тақуа" мешітінің наиб имамы, теолог Қанат Жұмағұл, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансуров және қала имамдары мен "Иманғали" мешітіне қарасты медресенің шәкірттері қатысты.

Облыстың Бас имамы Батыржан Берденұлы: "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға атсалысатын мамандардың біліктілігін арттыру, мамандар арқылы тұрғындарды сауаттандыру, қоғамның бірлесуі мен тұрақтылығына, рухани имандылық байлығын сақтап, нығайту − басты мақсат" - деп, алғашқы болып сөз бастады.

Кездесуде халыққа дін тұрғысынан ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау өңіріне арнайы атбасын тіреген дінтанушы Бауыржан Әлиұлы өз сөзінде Шариғи білім ең абзалы және ең жауапты іс екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Е.Шохаев және Қ.Жұмағұл тақырып аясында ой бөлісіп, тағылымды әңгіме өрбітті.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, дінтанушы мамандар тұщымды жауаптарын берді.


"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру