Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешітте өткен рухани кездесу

21.10.2014 3392 0 пікір

Кездесуді Жезқазған аймағының өкілі "Ахмет ишан Оразайұлы" атындағы мешітінің Бас имамы Қабылбек Әліпбайұлының ұйымдастыруымен рухани кездесу өткізді. Бас имам жиналғандарға «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында уағыз айтты.

Кездесуге арнайы қонағы болған Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак Египет Ислам Мәдениет» университеті, «Абу Ханафи» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі, Республикалық ақпарат насихаттау тобының мүшесі Ризабек Батталұлы Илинбаев жамағатқа игі іске сәттілік тіледі. Бас имамның уағызды жалғастырып, Қазақ тарихы, Ислам діні мен мәдениеті, халқымыздың салт-дәстүрлері мен діні, тілі, мәдениеті, әдебиеті туралы ғылыми тұрғыдан мағлұматтар беріп, әрбір отырған азаматы елдің, жердің лайықты азаматы болуға шақырды.

Кездесу барысында жамағатқа дастархан жайылып, домбырамен терме, жырлар орындалып, күйлер шертілді. Құраннан, Хадистен, Ислам тарихынан арнаулы сұрақтар дайындалып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды.

Кездесуге арнайы шақырылған ішкі саясат бөлімінің бас маманы Тасмағанбетова Айшагүл биылғы жылдың «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялануына орай жергілікті билік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқтала отырып, игі бастамаға сәттілік тіледі. Жиналған көпшілікке асыл дінімізге қорған болуға шақырды.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру