Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау округінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Салт пен дәстүр – дін тірегі» атты семинар өтті. Оған Алматы қаласы, «Әбу Ханифа» атындағы ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, білікті теолог-дінтанушы Бауыржан Әлиұлы арнайы қатысып, дін мен дәстүрдің маңызына ерекше тоқталды. Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды.
Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Алайда, елімізде рухани жүдеушілік болып жатқан кезде түрлі миссионерлер, теріс ағымдағы діндарлар келіп, шариғатқа сай келмейтін үкімдерін шариғат үкімі деп тықпалағандығын, солақай саясаттарымен халық арасына іріткі салғысы келегендігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ танымал теолог, білікті исламтанушы Б.Әлиұлы Исатай аудандық «Зейнедин ата» орталық мешітінде болып,жұма намазына жиналған жамағатқа «Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру»тақырыбында уағыз айтты.
Атырау қаласында да дінтанушымен бірнеше кездесулер болып өтті. Атап айтқанда, 18-қазан күні «Иманғали» орталық мешітінде, 19-қазан күні қалалық «Құспан молла» мешітінде, 20-қазан күні «Әт-Тақуа» мешітінде ақшам және құптан намаздарының арасында жамағатты уағызбен сусындатты.
Айта кететін жайт, аталмыш шаралар «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмекорталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2014
3169
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру