Не десек те қазіргі жиырма бірінші ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Ал жаңа технологиялардың тілін меңгеру заман талабы. Сондай-ақ, «ақпарат ғасырында» бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екені ақиқат. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамның бір-бірімен байланысын арттырады.
Осы ретте Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешітіне қарасты islam-atyrau.kz діни-танымдық сайты жаңа дизайнға ауысқанын қуанышпен жеткізгіміз келеді. Өткен жылы ғана жаңа атаумен ашылған аталмыш сайт ақпарат кеңістігінде өз орнын алып, жағымды жаңалықтарымен, мазмұнды мақалаларымен, білікті де білімді теологтардың видео-медиа дәрістерімен оқырмандарын ақпараттандырып келеді.
Жуырда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров оқырман талғамына сай сайтты жаңарту, әрі жаңғырту жұмысын қолға алған болатын. Игі бастама бүгін өз жемісін беріп, islam-atyrau.kz діни-танымдық сайты мақалалар, сұрақ-жауап, аудио, медиа дәрістер, жұма уағыздар, ғибрат, отбасы, балаларға базарлық айдарлары аясында жұмыс жасауда.
Дін мен дәстүрді дәріптеу, ел ынтымағы мен бірлігіне үлес қосу, имандылық кәусарына бет бұрған жандарды дұрыс әрі маңызды діни құндылықтармен сусындату - islam-atyrau.kz діни-танымдық сайтының басты мақсаты болып қала бермек.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.10.2014
4151
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру