Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни сауаттылықты діттейді

20.10.2014 3283 0 пікір

Жуырда Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен №69 мектеп-гимназиясында «Дін саласының өзекті мәселелерін түсіндіру» тақырыбына арналған кездесу өтті. Дін мамандарымен болған кездесуге оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымы қатысты.

Жас буынмен өткен жиында «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Төлеби Оспан «Дәстүрлі діндердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында баяндама жасап, ата дәстүр мен хақ діннің ара-қатынасы, бабалар салған дәстүрлі діннің сара жолы жайында әңгіме өрбітті.

Бұл жиында Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкері Гүлдана Серікқызы «Зайырлы қоғам: дін және дәстүрдің ара қатынасы» атты тақырыптағы баяндамасында зайырлы қоғамдағы дін мәселесі, дәстүрдің орны мен жолы жайында оқушыларды қызықты мағлұматтармен құлақтандырды.

Кеш соңы оқушылардың орайы келген сауалдары мен дін мамандарының тұщымды жауаптарымен аяқталды.

Жайық НАҒЫМАШ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру