Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рухани келісім –халықтар бірлігіне бастар жол (ФОТО)

19.10.2014 4167 0 пікір

Орал қаласындағы Салтанат сарайында «Рухани келісім –халықтар бірлігіне бастар жол» тақырыбында "Рухани келісім" күніне арналған іс-шаралар болып өтті.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлы сөз алып, Ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздылығы  адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруінде алатын орны ерекше екені белгілі. Қашан да татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесім тапқан, халықтың тілегі мен армандары орындалып, бақытты қоғамда өмір кешіп келеді. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», – деп,  барша халықты рухани  келісім күнімен құттықтады.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов: "Дін – саналы адамдарды, өз еркі және қалауымен қайырлы, игілікті істерге жетелейтін құдіретті күшті Жаратушының заңы. Дін-тәрбие. Дін - бақытқа жетелейтін, иман мен Тәңір заңдарын қамтитын тура жол. Дін-сүйіспеншілік, құрмет. Дін-сенім, ғибадат, дұға. Дін- адамзат, отбасы, қоғамды дамытып, үйлестіруші күш. Дін-адамды Жаратушы Алламен  байланыстыратын және  оған тура жол нұсқап жетелейтін үлкен сенім", - деп ақ тілегін жеткізді.

Шарада Орал және Ақтөбе Епархиясының архиепископы Антолий, «Қасиетті құдай ана қажырлы жәрдем» Рим – католик приходының Орал қаласындағы филиалының викариі Томашов Мариан, БҚО. Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Саратов Данильбек Әлиұлы, «Орыс мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, өнер тану ғылымдарының кандидаты, профессор Погодин Сергей Михайлович қатысып, құттықтау тілектерін  білдірді.

Салтанат сарайында діни әдеби кітаптардың көрмесі ұйымдастырылып, діни конфессия өкілдері  Орал қаласы, Астана шағын ауданындағы Д.Қонаев көшесіне ағаш отырғызды.

Шара соңында дін өкілдері арасындағы шағын теңбіл доп сайысымен  өз жалғасын тапты.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру