Жуырда облысқа өкіл имам болып тағайындалған Бас имам Ахметжан қажы Керімбек Шымкент қаласындағы бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Алдымен 2013 жылы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қолдауымен ашылған «Ықылас» қарилар дайындау орталығында болып, ондағы оқып жатқан шәкірттердің жағдайын білді. Кездесу кезінде орталық директоры Ы. Майлан және дінтанушы Қ. Маджановтар өздерінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы атқаратын жұмыс жоспарлары туралы қысқаша баян етті.
Осыдан кейін, өкіл имам А.Пірәліұлы бастаған ресми сапар Шымкент қаласынан басталды. Жалпы қалаға қарасты 102 мешіт исі мұсылман жамағатына қызмет етіп отырғанын айтып өту керек.
Өкіл имам алдымен қалалық «Абдул Хамид Қаттани», «Сейіткәрім қажы», «Байғұт баба», «Әл Мүслим» «Қождан ата» т.б. мешіттерде жалғасын тапты.
Кездесу барысында өкіл имам А.Пірәліұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің төрт бағыт бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысымен танысты. Онда мешітердегі уағыз-насихат жұмыстары, кереғар ағымдардың алдын алу шаралары, қайырымдылық шаралары мен діни сауат ашу курстарын жұмыстарының есебі тыңдалды.
Мұнымен қатар, дәретхана мен мешіттерді жылытып жамағатқа жағдай жасауды тапсырды. Сондай-ақ, бірқатар мешіттердің жұмыстарына байланысты сын ескертпелерде берілді.
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.10.2014
3336
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру