Білім жолы – қиын да қастерлі жол. Бұл жолда талмай тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана табысқа жете алады. Білім алу – құлшылық. Кейбір ғалымдар: «Білім – жасырын намаз және жүректің құлшылығы», – деген.
Алматы облысының жастар саясаты мен ҚМДБ-ның Талдықорған өңіріндегі жастар ісі бөлімінінің ұйымдастыруымен «Студенттік клубтарды, кеңестерді және жастар ісі жөніндегі комитеттерді дамыту» аймақтық семинар-жиналысын өткізді. Екі тарап бірлесіп, ел іргесін бекем етер жастардың тәрбиесіне жіте назар аударып, жұмыла жұмыс жасап келеді.
«Студенттік өмір» – бұл бүгінгі кездесудің негізгі тақырыбы болды. Жастық шақтың ең негізгі есте қалар сәті де осы кез. Алайда жастық қайталанбас құндылық. Кездесу барысындағы рухани дәріс «студенттік өмірдегі уақыттың құндылығы» аясында өрбіді.
Жиынға қатысушы жастардың тарапынан осындай кездесулердің әр-түрлі тақырыптарда көбірек болуын қамтамасыз ету туралы ұсыныстар түсті. Жастардың жүрегіне жеткен жақсы сөздің нәтижесінде, елмен жерге пайдасы тиер азамат болып жетілуді бүгіннен бастайтындықтарын айтып, көңілге қуаныш ұялатты.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.10.2014
3398
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру