Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласының Бас имамы қала мешіттерін аралады

16.10.2014 3716 0 пікір

Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет қала бойынша барлық мешіттерді аралауды бастады. Бас имам 14 қазан күні Түрксіб аудандық мешіттерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Түрксіб ауданындағы  жаңадан салынған Қайрат ауылдық мешітінде аралады.

15 қазан күні Бас имам Нұрбек Есмағанбет Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің алты айда атқарған жұмыстарымен танысты.

Аталмыш мешіттің алты айдың ішінде: «Мешіт жанындағы көп жылдар бойы жөндеу жұмысы жасалмаған медресе ғимараты және 150 адамдық асханасының іші-сыртына, медресе жатақханасы күрделі жөндеу жұмысынан өтті Сондай ақ, мешіт жанынан 200 кв.метр жерге үлкен шатыр және 40 кв.метр арнайы мал сойылатын қасапхана салынды. Және де мешіт алдына жамағаттың автотұрағына асфальт төселінді», – деді, Бас имам Дәуренбеков Орынбасар.

Сонымен қатар, енді бой көтеріп келе жатқан Алатау ауданындағы Ұлжан және Байбесік ықшам ауданындағы мешіттерінде аралады.

Аралау барысында мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, мешіт құжаттарын  және мешіт қызметкерлерінің жұмыс тәртібін, мешіттің қауіпсіздігін, қысқа дайындығын, имамдардың киім үлгісін тексерді және сол тексеріс нәтижесі бойынша қала имамдарына бірқатар тапсырмалар берді. 

Бұндай тексерістер алдағы уақытта басқа мешіттерде де жалғасын табады.  

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру