Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (ҒЗТО) «Дінтану сараптамасының өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты дінтану сараптамасын жүргізудің әдістемелік мәселелерін талқылау, сарапшыларға әдіснамалық көмек көрсету және дінтану сараптамасын өткізуді жетілдіру бағытында ұсыныстар әзірлеу болды.
Нақты іс-шара барысында қатысушыларға қойылған талап баспа, дыбыстық және бейне материалдарға, терроризм мен экстремизм белгілері бар интернет-ресурстарына жүргізілген дінтану сараптамасының әдістемелік негіздерін тәжірибелік дағдыларын жетілдіру және ҒЗТО жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңес негізінде ҚР Дінтанушылар конгресі мен сарапшылар қауымдастығының өзара тәжірибе алмасуын жандандыру болды.
Семинар барысында дінтану сараптамасының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасу өтті.
Семинар қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.
e-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.10.2014
3738
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру