Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тағылымды кездесу

15.10.2014 3098 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Ақтау қаласындағы саз колледж студенттерімен кездесті.

Өкіл имам студент жастарға асыл дініміз жайында түсіндіріп, түрлі теріс бағытқа түсіп кетпеулері үшін насихат айтты. Исламдағы әйел затының орны мен отбасы құндылығы жайында да тоқталған өкіл имам намазға жығылуға ниет еткен жастарға қателікке бой алдырмау үшін Діни басқарманың ресми газет, журналы мен сайттарын ғана пайалануға кеңес берді. Сол секілді әлеуметтік желідегі діни мазмұндағы мақалалар мен ақпараттарды оқуда мұқият болуларын ескертіп өтті. Заманауи жетістікті пайдаланушы ағым өкілдері жастардың көп кіретін әлеуметтік желілерге арнайы өз уағыздары мен идеологияларын тықпалайтынын жеткізді.

Студенттер өз көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарын өкіл имамға қойып жатты. Тағылымды кездесу студенттер үшін пайдалы болды. 

Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру