Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мемлекет және дін» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция

15.10.2014 4282 0 пікір

Алматы облысының орталығы, Талдықорған қаласының мәдениет сарайында «Мемлекет және дін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – мемлекет пен діннің қарым-қатынасы, дәстүрлі емес діндердің қоғамдық санаға ықпалын әшкерелеу, діни экстремизмді ал­дын-алу­дағы азаматтық институт­тардың ор­нын және атқаратын қызметін, радикализм, лаңкестік және экстремизм идеяларынан сақтандыруда дәстүрлі исламның тарихи маңы­зын, рөлі мен орнын айқындау болып табылады.

Конференцияда ҚМДБ діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы, ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі Өмірзақ Алмат Ерденұлы, мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы аналитика бөлімінің басшасы Мұқан Исахан, ғалым Кенжетаев Досай, док. Сабри Хизметли, ф.ғ.д. Бағдат Бейсенов, және өңіріміздің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы баяндама жасап, жиынға қатысушалардың діни сана сенімін арттыруға атсалысты.

Конференцияға Алматы облысындағы Дін істері басқармаларының өкілдері мен жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар басшылары, облыстағы ЖОО-ы ректорлары мен АОО-ы директорлары, оқу орындарының «дінтану» пәні мұғалімдері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, жас мамандар, жас ғалымдар, жастар ұйымының өкілдері, діни бірлестіктер өкілдері, қалалық, аудандық Ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Атаулы ғылыми-тәжірибелік конференцияны Алматы облысы әкімінің орынбасары С.М. Мұқанов жүргізіп отырды.

Еліміздегі дін мәселесін зерделеп жүрген ғалымдарымыздың баяндамаларынан кейін, облыстық дін істірі басқармасының басшысы Тәңірберген Қасымақынұлы үндеу текстін оқып, Конференция қатысушыларының Үндеуі қабылданды.

ҚМДБ Талдықорған өңірі 
бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру