Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аякөз қалалық мешітіндегі семинар

15.10.2014 3116 0 пікір

«Отан отбасынан басталады», – демекші, еліміздің өркендеуі мен болашаққа деген әр қадамының нық болуы - әрбір отбасының берік болуымен тығыз байланысты. Ал отбасын құрудағы ең алғашқы қадам жар таңдаудан басталатыны белгілі. Бабалар сөзінде «Жақсы әйел алсаңыз Алладан біткен нұрмен тең, жаман әйел алсаңыз маңдайға біткен сормен тең», деп айтылғанындай, адамның екі өмірінің бақытты болуына алған жарының салихалы болуының маңызы өте зор.

Осыған орай Аякөз қалалық мешітінде наиб имам Сайфуллин Думан Нәдірұлының ұйымдастыруымен отбасын құрып, шаңырақ көтерем деп ниет білдіруші ер азаматтарға «Болашақ жарымды қалай таңдаймын?»,  деген тақырыпта семинар өтті.

Наиб имам  жар таңдау мәселесімен қатар құда түсу, неке қию, отбасылық міндеттер сияқты отбасылық өмірге қатысты мәселелерді асыл дініміздің үкімдері мен дәстүрімізді ұштастыра түсіндірді. Бұл ер азаматтарға арналған семинар болғанымен, алдағы уақытта қыз балалар үшінде арнайы семинар жоспарлануда. Аякөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шараға қатысушы жастар өз тараптарынан алғыстарын білдірді.

Аякөз қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру