Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала имамдарының есебі тыңдалды

14.10.2014 3369 0 пікір

ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек Шымкент медресесінде қала және аудан имамдарымен жиын өткізді. Жиын барысында қаланың бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың есебі тыңдалып, осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарының нәтижесін тексерді. Сонымен қатар қала аумағына жаңадан қосылған мешіттердің қазіргі ахуалы, материалдық әзірлігі, имамдардың білім деңгейі талқыға салынды.

Өкіл имам ақылдасып, ұйымшылдықпен жасалған тірліктің берекелі болатынын насихаттап өтті. Ашық әңгіме айтылған жиында имамдар көкейде жүрген сауалдарына жауап алып, ойларында жүрген ұсыныстарын ортаға салды. Алдағы уақытта айтылған ұсыныстар шешімін тауып, жүзеге асырылатын болды.

А. Қаттани мешітінің
баспасөз орталығы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру