Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр елінде футболдан Бас мүфти кубогы өтті

14.10.2014 3584 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің ұйымдастыруымен Бас мүфти атынан қала және аудан мешіттері жамағаттары арасында футболдан сайыс өтті.

Қалалық 101 - орта мектеп жанындағы футболға арналған шағын алаңда бірнеше топ құрылып, бәйгеге Бас мүфти атынан үш орынға бағалы сыйлықпен қоса үш кубок тігілді. Алғаш болып өкіл имам Талғат Омаров сөз алып, бұл ойынның берер пайдалы жақтарына тоқталып өтіп, баршаға сәтті ойын болуын тіледі.

Бұл ойын біріншіден салауаттық өмірді насихаттайтын болса, екінші жағынан әр аймақтағы мешіт жамағаттарының басын қосып, бір-бірлерімен төс қағысып, тығыз араласуына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз. Әрі арнайы өзге ағымдарда жүрген бауырлар да бұл ойынға арнайы шақырылып, бұрындары көпшілігі тіпті амандасуды білмейтін болса,  осындай шаралар арқылы қарым-қатынас жақсара түсті. Нәтижесінде уағыз-насихаттарымызға шақырғанда бір ауыздан келетін болды. Мешіт жамағаттары арасында белсенділіктер танылып, намазға ғана келіп кетіп қана қоймай, мешіт істеріне де тығыз араласатын жағдайға жетті.

Осы сияқты тиімді пайдаларын беріп жатқан бұл футболда Жаңақорған ауданы озық шығып алғашқы орынды иеленсе, Шиелі ауданы екінші орынды қанағат тұтты.

Жергілікті әкімшіліктің мұрындық болуымен жеңімпаздарға  мешіт іс-шараларына өте қажетті болып саналатын бағалы фотоаппараттар сыйға тартылды. Кубоктар үлестірілді. Әрбір ойындарда кейде жарақаттанып қалатын жағдайлар кездесетіні белгілі. осы жағыда ескеріліп медициналық жедел көмекте алаң жанына орнықты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру