Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отбасы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14.10.2014 3808 0 пікір

Индер ауданы, «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында, Ішкі саясат қолдауымен, «Тағылым- Индер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ішкі саясат жетекшісі А.Мурзин, «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев, "Жас Отан" жастар саясатының төрайымы Ә.Сарғойшина, Әділет баскармасының басшысы Л.Бақытжанқызы, ішкі істер қызметкерлері және жас отбасылар қатысты.

Аталмыш шарада «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев ислам дінінде отбасының маңыздылығына тоқталып, хадис-шарифтерден бірнеше мысалдар келтірді. Кездесу соңында қатысушылар келген қонақтарға өз ризашылықтарын білдірді.

"Иманғали" орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру