Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр елінде қайырымдылыққа 6 тоннадан астам ет таратылды

13.10.2014 3244 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында күллі мұсылман баласы шад-шадыман қуанышқа бөленіп, бір-бірлерін құттықтап жасап жатса, жастар асыр салып ойнап, тәттілер мен тәтті бауырсақ-бәліштерге қанығып қалады. Бұл күндері Құрбандық шалуға шамасы келгендер шама-шарқына қарай түрлі малдар таңдап, құрбандыққа шалып, шариғат үкімімен үшке бөліп жағдай төмен жандарға арнайы бөліктерін таратып жатады. Кейбірлері тұрмыстық жағдайлары нашар кісілерді таппай мешіттерге келіп шалады.

Биыл Қызылорда облысы бойынша мешіттерде 6 тоннадан астам мал Құрбандыққа шалынып, 1184 жанға көмек көрсетілді. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінде тоннаға жуық ет жиналып 265 жанға таратылды. Олардың ішінде мешіттерге арнайы келіп құжаттарын тапсырып қойған тұрмыстық жағдайлары төмен жандарға, жастар және қарттар үйлеріне таратылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру