Бұл іске бастамашы болған облыстық прокуроратура қызметкерлерінің пайымынша, алаңдауға негіз бар. Жыл басынан бері рұқсат етілмеген жерлерде лаңкестік сипаттағы діни әдебиеттерді тарату және тиым салынған діни бірлестіктердің іс әрекеті бойынша бірнеше адам жауапкершілікке тартылыпты.
2016 жылдан бастап «Дінтану» мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілмек. Әзірге аталған пән білім ордаларында тек факультатив ретінде өтіп жүр. Әдетте ол тарих және география пәні мұғалімдеріне жүктеледі. Бұл жеткіліксіз. Сол себепті де университетте тарих факультеті студенттеріне арналған қосымша білім бағдарламасы жасақталды. «Сапалы дінтанушы кадрлардың көбеюі сайып келгенде халықтың діни сауаттылығының артуына септігін тигізбек» дейді мамандар.
E-Islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.10.2014
3115
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру