Облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында БҚО әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына арнаған тарихи Жолдауында еліміздің зайырлы мемлекет екендігін ерекше атап өтті. Елбасы осы орайда Қазақстанның өзіне тән дәстүрлері мен зайырлы қоғамы бар екеніне тоқтала отырып, мемлекетіміздің өз азаматтарының ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, алайда дәстүрлеріміз бен заңнамаларымызға қайшы келетін қандай да бір әрекеттер арқылы қоғамға өз нормаларын таратқысы келетін талпыныстарға қатаң тойтарыс берілетіндігін нықтап айтып өтті.
Соған байланысты облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Кеңестің кезекті отырысында сөз алып, баршасына сәттілік тілеп, төрағалық етті.
Оған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов, дін өкілдері, облыстық ішкі саясат басқармасының басшылары, дін істері басқармасының бөлім жетекшілері, құқық саласының қызметкерлері, аудан әкімдері қатысты.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы облыстағы діни ахуалды жақсартуға жасқартуға бағылталған іс-шаралар туралы» тақырыбында БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы А. Есекенова баяндама жасаса, «Бөрлі және Зеленов аудандары бойынша қалыптасып отырған діни ахуал туралы: өзекті мәселелер және оның шешу жолдары» атты тақырыбында баяндамаларын оқыды. Жан-жақты талқылады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2014
3026
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру