Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласының мешіттері сенбілік өткізді (ФОТО)

12.10.2014 4035 0 пікір

Бүгін 11 қазан күні Алматы қаласы бойынша жалпы қалалық сенбілік өтті. Тазалық – иманнан деген ұранмен, Алматы қаласының мешіт қызметкерлері мен жамағаты да қала тазалығына өз үлестерін қосты.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбеттің қатысуымен Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан Ардагерлер үйінде сенбілік өтті. Сонымен қатар,  мешіт аулалары мен аумағында орналасқан көшелер мен Орталық мешіттің маңайындағы мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған түзету орталығында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз(с.а.с) хадистерінде тазалықты әспеттеп: «Тазалық — иманның жартысы», «Тазалық – намаздың кілті», деген.

Құран кәрімде де: «Алла Тағала көп тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді.» (Бақара: 2/222)

Демек тазалық – иманның көрсеткіші. Себебі айналасы таза болған адамның ниеті мен амалы да сондай таза болмақ.

Аллаһ тағала бәрімізге тазалыққа қатты көңіл бөлуші құлдарынан болуды нәсіп етсін деп тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру