Биыл Құрбан айт мейрамы Шардара ауданында жылдағыдан ерекше аталып өтті. Орталық мешіттің Бас имамы А.Данияровтың мұрындық болуымен қасиетті Құрбан айт күні мешіт ауласына киіз үйлер тігіліп 1500 адамға ұлттық дәстүрге сай мерекелік дастархан жайылды.
Қала тұрғындарын облыстық мәслихат хатшысы Ержан Төлепұлы пен аудан әкімі Қамытбек Нұржанұлы арнайы құттықтап, еліміздің баянды, халықтың ынтымақты болуына тілектестік білдірді. Айт намазынан кейін ел ағалары киіз үй ішінде жайылған дастарханнан дәм татып, соңынан ірі қара мал құрбандыққа шалды.
Қасиетті Құрбан айт күні құрбандыққа шалынған мал еттері әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы, жалпы саны 213 отбасыға үлестірілді. Аудандық мәдениет сарайының басшысы Ә.Айдаровтың басшылығымен мәдениет үйiнiң қызметкерлерi мен бiр топ өнерпаздары, «Ақ әжелер» ансамблi, жыршы С.Бегманов, әншi М.Қоңырбайлар әннен шашу шашса, арнайы даярланған сахналық көрiнiс қойылды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы А.Қарсыбаевтың ұйымдастыруымен өткен шарада жұртшылық спорттың бес түрi (қол күрес, асық ойыны, гір көтеру, арқан тарту және қазақша күрес) бойынша өнер көрсеттi.
Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, құттықтасуы арқылы достық пен ағайындықты нығайта түсті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.10.2014
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру