Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлық мереке Құрбан айт Павлодар қаласында

09.10.2014 3514 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы өкілі, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің Бас имамы Исенов Нариман Ермекұлы облыстық радионың тікелей эфирі арқылы аймақ тұрғындарына Құрбан айттың қадір-қасиеті мен шарттары жайлы кеңінен насихат айтты.

Құрбан шалудың тарихынан бастап сөз қозғаған Нариман қажы Құрбан айт күндері мұсылмандар не істеуі абзал екендігін соқырға таяқ ұстатқандай түсіндірді. Сұхбат барысында: «Айттың алғашқы күні, яғни, 4-ші қазанда облыс  мешіттерінде айт намазы таңғы 7:45-те оқылады. Оған облыс әкімі де қатысады. Үстіміздегі жылды ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти хазрет Ержан қажы Малғажыұлы «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялаған болатын.  Ұлттық салт-дәстүріміздің ислам дінімен біте қайнасқаны сонша, халықтық түсінікке қайшы келер түйткілді тұсы жоқ. Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша, өткен Ораза айт мерекесінде де, Құрбан айтта да мешіт ауласына қазақ үйлері тігілмек. Биыл қалалық мәдениет бөлімі және қала әкімдігімінің көмегімен үш киіз үй құрылады. Айт намазынан шыққан жамағатқа және жалпы жұртшылыққа ас, айттық шай беріледі. Рухани тәлім –тәрбиелік мәні бар уағыздар, дәстүрлі  ән-күй концерті беріліп, спорттық ойын түрлерінен сайыс өткізіледі», – деді өкіл имам.

Құрбан айт қарсаңында Мәшһүр Жүсіп мешітінің найб имамы Нұржан Манапбаев пен Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айбек Оралқанов  Павлодар-Қазақстан телеарнасының жаңалықтар қызметінің тіклей эфир студиясында жүргізушілердің қазақ және орыс тілдерінде қойған сұрақтарына жауап беріп, Құрбан айттың өзге діни мейрамдардан ерекшелігі хақында, сондай-ақ,  айт күндері атқарылып жатқан шаралар жөнінде сөз қозғады. Әңгіме барысында қала бойынша жұмыс істеп тұрған Құрбан шалу орындары тілге тиек етіліп, Алла разылығы үшін уәжіп  амалын жасаушылар үшін мағлұмат берілді.  Көрермендерің сұрауына сәйкес мал еті неше бөлікке бөлінетіні, кімдерге таратылатыны тағы бәр мәрте қайталай айтылды.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің ұжымы «Құрбан шалу кімдерге уәжіп»,  «Құрбанның түрлері» т.б. сауалдарға толымды  түсінік беретін «Құрбан айт қабыл болсын» атты   бүктемелер таратты.

Қасиетті Құрбан айттың үшінші күні облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің найб имамы Нұржан Манапбаев бастаған мешіт ұжымы «Павлодар облыстық мамандандырылған Сәбилер үйіне» барып, бөбектерге базарлық сыйлады. Игілікті іске мұрындық болған мешіт ұстазы Жұлдыз Кажуева өзі дәріс беретін шәкіттерін де сауапты жұмысқа жұмылдырған екен. Ата-ана қарауынсыз қалған 25 бөбектің бір сәтке болсын көңілін көтеріп, балғын шақтың қайталанбас қызығын сыйлау үшін, дін қызметкерлері мультфильм  қаһармандары кейпіне енген әртістерді шақырған.  Олар думанды ойындар өткізсе, Нұржан Дәулеткелдіұлы мен Жұлдыз ұстаздар   сәбилердің әрқайсысына әртүрлі сыйлықтар таратты.  Ал құндақ жасындағы бөбектер үшін бірнеше жинақ «Памперс» жаялықтары табысталды. Аталмыш мемлекеттік мекеме директоры Бағдат Қалдыбекқызы мешіт қызметкерлері мен әйел шәкірттерге алғысын білдірді.

Айбек Оралқанов
ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы
Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру