Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт жетім балалардың қуанышына айналды

08.10.2014 3693 0 пікір

Құрбан айт жетім балалардың қуанышына айналды


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт қарсаңында Қызылордадағы жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар үйінің балақайлары қаламыздағы үлкен орталық бақша және Жібек Жолы (Мега центр) сауда оралығында орналасқан үлкен "Ботақан" атты балалар ойын залында тегін шадшадыман қызыққа батты.

Түрлі қызыққан ойындарын ойнап, балмұздақ, тәттілер жеп өздерін сондай бақытты сезіне білді. Өз қуаныштарын жасыра алмай, қайта-қайта рахметтерін жаудыра берді. Мешіт қызметкерлері мұның барлығы Құрбан айттың қызықты шақтары екенін түсіндіріп, жылда Құрбан айт осылай тіпті бұданда қызықты тойланатынын айтып жеткізді.


"Көзге қуаныш, жүрекке нұр силаған - Құрбан айт" атты мерекелің концерт өтті


Облыстық Ә. Тәжібаев атындағы орталық әмбебаб кітапханасының үлкен залында Қызылорда филормония әнші-жыршылары мен аудандарда түрлі мерекелік шараларда дәстүрлі ән шырқап жүрген жастардың қатысуымен орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешіті мерекелік шара өткізді.

Бұл рухани мерекелік кешке қала тұрғындары мен жоғарыдағы қуанышқа бөленген балақайлар да арнайы шақырылып кешті тамашалады.

Ақ жаулықты әжелеріміз де келіп үлестерін қосып біргелікте бірнеше ән шырқады. Халыққа бұрынғы әр үйде жиналып ән салып жүретін апа-әжелерін естеріне түсіріп, ерекше қызықты өтті.

Өкіл имам ортаға шығып сөз сөйлеп, Құрбан айттың қадыр-қасиеттерін айтып, халықты айт мерекесімен құттықтады. 

   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру