Атырау қаласы Дамбы елдімекенінде дін қызметкрлерінің қатысуымен «Суицид − ғасыр дерті» атты тақырыпта жиын өтті. Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов және ауыл халқы қатысты.
Кездесу барысында Атырау өңірінің өкіл имамы Батыржан Берденұлы: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде өзіне-өзі қол салу ауыр күнә ретінде сипатталады. Мысал үшін Алланың Елшісінен сахабасы Хурайра жеткізген бір хадисте: «Бір адам өзін таудан тастап, өлтірсе, ол адам жаһаннамда (тозақта) болады. Сөйтіп өзін мәңгі тозаққа тастайтын болады. Ал бір адам у ішіп өзін-өзі өлтірсе, сол удан тозақта мәңгі ішетін болады. Сондай-ақ бір адам өзін пышақпен немесе қылышпен өлтірсе, сосын сол пышағымен немесе қылышымен өзін-өзі тозақта даөлтіретін болады», – делінген. Дінімізде осылайша өзін-өзі өлтіру орны толмас ауыр күнә есебіне жатқызылады. Мұнан барынша сақтанып, дұрыс жолмен жүруге әдеттенуіміз керек», – деді.
Сонымен қатар, жиылған қауым өз кезегінде көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Жиынға қатысушылар алдағы уақытта да осындай мәнді де мағыналы кездесулер өз жалғасын тапса деген ізгі ниетпен келген қонақтарға алғыстарын білдірді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2014
3961
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру