Маңғыстау облыстық орталық мешіті құрбан айт мерекесіне арнап «Балаларға базарлық» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Ұлық мерекені сезініп, айт мейрамын қуанышты өткізу мақсатында жасалған шараға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көп балалы жанұялардың балалары қатысты.
Алдымен бүлдіршіндер «Ақтау» сауда ойын сауық кешеніндегі мұз айдынында ақысыз тегін сырғанап, мұнан кейін «Астана» сауда орталығында болып, сайқымазақтар шоуын тамашалады. Көңілді өткізілген ойындар Астана кинотеатрынан мультфильм көрумен жалғасты.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2014
3336
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру