Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

200 жанұяға құрбан еттері таратылды

08.10.2014 2925 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде өткен Құрбан айт құрметіне арналған мерекелік шарада 7 киіз үй тігіліп, мұсылман жұртшылығы айт мейрамын қуанышпен тойлады. Киіз үйлердің бірінде тұрмыс жағдайы төмен 60 отбасы айт дастарханына қонаққа шақырылды. Олармен бірге дастархандас болған өкіл имам  жиналғандарды мұсылмандардың төл мерекесімен құттықтап, атаулы күнде олармен бірге қуанудың Алла алдында қаншалықты сауап екендігін жеткізді.

Мүжәлсіз отбасыларға қайырымдылық шараларын жасау облыстық мешіт тарапынан еш толастаған емес.  Аптаның әр сенбісінде оларға қаржылай, азық түліктей  тұтынатын өнімдер беріп, назарда ұстап келеді.

Айт мейрамына жиналған оларға өкіл имам тапсырмасымен құрбан еттері және әр жанұяға ақшалай сыйлық берілді.

Сондай ақ, шақырылғандардан өзге , мешіт тізімінде тұрған мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылар, көп балалы жанұяларға, тұрмысы төмен жандарға, барлығы 200 отбасыға құрбан еттері таратылып берілді.

Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру