Айттың алғашқы күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жанында спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылды. Күрес, асық ату, гір тасын көтеру секілді спорттық шаралар Ақтау қалалық спорт бөлімімен бірлесе отырып жасалды. Жарысқа айт мейрамына жиналған жамағат қатысып, жеңімпаздарға арнайы бағалы жүлделер тағайындалды.
Әсіресе жастар жағы белсенділік көрсетіп, намазхан жігіттер күрестен үш түрлі салмақта белдесті. Жүйріктеріне үй жиһаздарынан тұратын сыйлықтар тапсырылды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2014
2982
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру