Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт Шу ауданында

08.10.2014 3620 0 пікір

Шу аудандық Төле би мешітінде Айт күні таң намазынан бастап жамағат ағыла бастады. Мешіт іші лық толып, тіпті жиналған жұрт сыймай да жатты. Аудан бас имамы Мусаев Қуандық құрбандық жайлы және құрбан айт намазы жайында уағыз айтты. Мешітке келген құрметті қонақтар ішінде Аудан әкімінің орынбасары Ербол Еркінұлы мырза жиналған халықты ұлы мерекемен құттықтап, Алладан елімізге тыныштық тіледі.

Айт намазынан кейін жиналған халық Төле би мешіттің ұйымдастыруымен айт намазға келген жамағаттарды тегін тасмалдауға арнайы автобустар жалдады.

Аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары ірі қара малды құрбандыққа  шалды. Төле би мешіті құрбандыққа шалынған еттерді ауылда тұратын 40 жанұяға, отбасылық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналарға және аудандық мүгедек балалар бақшасына да кайырымдық жасады. 

Ал Құрбан айттың үшінші күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Мықты мұсылман әлсіз мұсылманнан қайырлы», - деп, Дін мен дәстүр жылына орай Аудандық мешіттің ауласында спорт шаралары ұйымдастырылды. Оның ішінде: қол күрес, турникке тартылу, гір тасын көтеру, сертпе (отжимание) және арқан тартысы.

Жеңімпаздарға акшалай сылықпен қосымша діни заттар беріліп мақтау қағазбен марапатталды. Шара соңында қатысқан жамағаттарға дастархан жайылды.

Шу аудандық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру