Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биыл «Дін мен дәстүр» жылы аясында көптеген игі істерді жандандыруға, айт мерекелерінің ұлттық нақышта өтуі басты назарға алынып, бұл күндері мұсылман қауымының ұлық мерекелері ұлттық ойындармен, халықтық жыр шашулармен көмкерілуде тапсырған болатын.
Осыған орай «Музаммил» мешітінде Құрбан айттың екінші күні көңілге қуаныш беретін мұсылмандардың ұлық мерекесі тойланды. Айт мерекесіне арнайы дастарқан жайып, балаларға кәуап, палау, жеміс-жидек, әр-түрлі сусындар мен балмұздақтар берілді. Балалардың мерекесін көркейту үшін мешіт ауласына батут орналастырылды.
Жас өспірімдер арасында үш түрлі салмақтан 25кг – 32кг, 32кг – 38кг, 38кг – 45кг арасында қазақша күрес, жалпы жамағат арасында зіл тас (гір тас) көтеруден және брусьяда тартылудан жарыстар өткізілді.
Жеңімпаздарға 1, 2, 3 - орын жүлдегерлеріне құнды сыйлықтар табыс етілді.
Және де Құрбан айттың соңғы күні «Музаммиль» мешіті салауатты өмірді насихаттау және жамағат арасында бірлік, татулықты күшейту мақсатында «Достық» ықшамаудандағы футбол алаңына мешіт қызметкерлерімен қоса мешіт жамағаттары арасында «Теңбіл доп» ойынын ұйымдастырды. Бұл ойынға жеті команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жеңіске жеткен командаларға жүлделі сыйлықтар табыс етілді.
Ойын соңында «Музаммил» мешітінің Бас имамы Азбергенов Абдіқұл жиналған жамағатқа спорт денсаулықтың кепілі екенін насихаттап, спортпен айналысуға шақырды. Бұл шараға риза болған мешіт жамағаттары осындай шараны жиі өткізіліп тұруын сұрады.
Әуезов аудандық «Музаммил» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2014
3357
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру