Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Берсең балаға бер

08.10.2014 4157 0 пікір

Құрбан айт мерекесінде облыстық орталық мешітінің ұйытқы болуымен Орал қаласындағы облыстық жетім балалар үйіне ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов пен Орал қалалық мешітінің Бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков арнайы келді.

Алдымен облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлы сөз алып, барша жас ұрпақты ұлық мерекемен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, жиылған бүлдіршіндерге ақ тілегін жеткізді.

Балалар үйінде «Орал» медресесінің шәкірттері рухани тәрбиелік сахналық көріністерді қойып, бүлдіршіндерге мешіт тарапынан сыйлықтар және мешітте шалынған құрбандықтың еттерді үлестірді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру