Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Орал» медресесіне облыс басшысы Н.А.Ноғаевтың өзі келіп, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады.
Орал шаһарында Республикаға танымал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Орал» медресесіне (орта арнаулы оқу орны) облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы арнайы келіп, білім алып жатқан шәкірттерді ұлық болған Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Құрбан айтпен тұспа-тұс келіп отырған ұстаздар күнімен медресе ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтады.
Қазақстан мұсырмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, медресе директоры Руслан Тыныштықұлы сөз алып, Облыс әкіміне алғысын білдіре келіп: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – дей келе, шәкіртердің білім алуына және ақырет пен бұл дүниедегі бақытына себепші болатын ұстаздар. Сіздерге еңбекте табыс, жанұяларыңызға жақсылықтар тілеймін!» – деп құттықтады.
Арнайы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жолдап, еңбектері елеулі ұстаздарға алғыс хатпенен марапаттап қосымша бір айлық жалақы көлемінде сый-сыяпат жасады.
Кеш соңында арнайы айттап келген қонағымыз өңір басшысымен бірге медресе ұстаздары мен шәкірттері дастархан басына жайғасты.
Ержан Ергенұлы
«Орал» медресесінің директор орынбасары
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2014
3534
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру