Мұсылмандардың ұлық мерекесі құрбан айт өңірімізде ерекше қарқынмен аталып өтті. Жылдағы ислами үрдіс бойынша таң сәріден «Қызылжар» орталық мешітінен шыққан тәкпір үні еріксіз қала тұрғындарын өзіне тартты. Бұл айтулы мерекеге облыс әкімі Ерік Хамзаұлы арнайы келіп, қызылжар жұртшылығын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Айта кету керек ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен 2014 жыл елімізде «Дін мен дәстүр» жылы болып жарияланған еді. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында «Қызылжар» орталық мешітінің ауласында киіз үй тігіліп, әртүрлі спорттық ойындар мен мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғыз құмалақ, дойбы, шахмат, гір көтеру, асық ойнау, арқан тарту, қол күрес ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға мақтау қағаздарымен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Ұлтаралық, дінаралық келісімнің нышаны ретінде мешітімізге өзге дін өкілдерінің басшылары арнайы келіп құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Айттың екінші күні Петропавл қаласындағы «Сәбит Мұқанов» атындағы қазақ-сазды театрында айттың құрметіне орай «Имандылық ел тірегі» тақырыбында рухани кеш өтті.
Бұл ұлық мерекеде жетім жесірлер мен жағдайы төмен отбасылар да сырт қалмады. Арнайы дастархан жайылып, имани уағыздар айтылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2014
3034
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру