«Нұр-ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы «Дәстүр» үйінде Ұлық мереке Құрбан айтқа байланысты рухани кеш өткізілді. Кештің құрметті қонағы ретінде жаны жабырқау қарттар, зағиптар, арбаға таңылған мүгедек жандар – жалпы саны 200 адамға дастархан жайылды.
Кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау, әрі дәстүрімізді жаңғырту мақсатында кешке облыстық филармонияның ұлттық оркестрі, танымал жыршылар қатыстырылды. Рухани кешті ҚМДБ өкіл имамы – Әбдімүтәлі Қайназарұлы құттықтау сөзімен ашып, Құрбан айт жайлы уағыз айтты.
Кеште әуендетіп ән шырқалып, күмбірлетіп күй төгіліп, жырдан шашу шашылды. Кештің қонақтары көтеріңікі көңіл күйге бөленіп, «Нұр-ғасыр» мешіті ұжымына ыстық ықыластарын білдіріп, батасын берді.
Ө. ОРАЗАЛИН,
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы
бойынша өкілдігінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2014
3014
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру