Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр еліндегі дәстүрмен ұштасқан Құрбан айт

07.10.2014 3317 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінде төл мерекелеріміздің бірі Құрбан айт мейрамы дәстүрлі ойындарымызбен, түрлі іс-шаралармен  тойланды.

Бұл айт мейрамы исі мұсылман жанның қуанышпен қарсы алып, тиісті құлшылықтарын жасап, Алланың мейірім-махабатына бөленер сәт. Қала берді бір-бірімен бауырласып, өткен-кеткен ақылары болса кешіп, татуласатын шақ. Бір-бірлерінің үйлеріне арнайы айтқа жайылған дастарханнан дәм ауыз тиіп, асыл тілектері мен мол сауабын жаудыратын, ал балақайлар айттықтарын алып, мәз-мейрам болатын мезгіл. Міне осындай шуақты сәттің жанға қуаныш  ұялатқан Құрбан айт Сыр елінде де әр мешіттерде қызықты өтіп жатты.

Айт намазға облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы қатысып жиналған жамағатты айт мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Елдегі ынтымақ-бірліктің жемістерін сөз етіп, мәңгі татулық пен тыныш аспан аясында болайық деп ақ тілегін жеткізді. Айт намазынан кейін мешіт жанындағы арнайы мал шалу орнына барып, алғашқыларың бірі болып Құрбан шалды.

Мешіт ауласында айтқа жиналған көпшілік қауымға ақ дастархандар жайылып, қалалық мешіттердің бірігуімен киіз үйлер тігілді. Киіз үй ішінде де сыртында симаған халыққа да тегін палау таратылып, айттық дастархандар ұйымдастырылды. Мешіттің әйел жамағаттары қосылып мешіт ауласында қайырымдылық акциясы ретінде наубайханалық өнімдерді үйлерінде жасап барша халыққа қол жетімді бағада арзан сатып, түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсады.

Сондай-ақ, дәстүріміздің исі сезілетіндей тойлап, қазақша күрес, қол күрес, ләңгі және асық ойындары сияқты басқада ойындар ойнатылып, түрлі сыйлықтар бәйгеге тігілді. Көпшілік қауымды қызықтыру мақсатында өкіл имам мен найб имамдар да қол күреске қатысып, халықтың ду қол шапалағы мен сербіліп қуанып қалуына ықпал жасады.

Студенттер жатақханасы ауласында да арнайы ас дайындалып, Құрбан айтқа кітапшалар таратылды. Қаламыздың 8 бағытына қоғамдық көліктер тегін жүргізілді. Мұның барлығы Құрбан айтты үлкен мереке екенін сезіндіру мақсатында әрі дәстүрімізбен біте қайнасқан мереке екенін паш ету. Жастарды бұл мерекелерді асыға сағынышпен күтетіндей жағдайда насихаттау болып отыр. 

"Ақмешіт-Сырдария" мешітінің
баспасөз бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру