Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Облыстық кітапханада кітапхана қызметкерлері және жас оқырмандармен «Діні мен дәстүрі жарасқан азат елміз» атты кездесу өткізді. Кездесу барысында өкіл имам жас оқырмандарға исламдағы құрбан шалудың тарихы мен мән маңызы жайында кеңінен айтып түсіндірді. Сонымен қатар дініміздің құндылықтарына тоқталып, мұсылман баласының бойынан табылуы қажет жақсы мінез құлық жайында айтып өтті. Жас оқырмандар өкіл имамға өздерін мазалап жүрген көптеген сұрақтарын қойып жатты. Сұрақтарға қарап, жастардың дінге қызығушылығы мен қатар дін жайында мәліметтері барын ағардық. Өкіл имам қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіті аталмыш кездесуге қатысушыларға арнап кітап көрмесін жасап, облыстық кітапханаға кітаптарды сыйға берді.
Маңғыстау облыстық
орталық мешіттің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2014
2887
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру