Мұсылмандардың төл мерекесі – Құрбан айт қарсаңында Алматы қаласындағы «Орбита» мешіті ұлттық нақышта іс-шаралар ұйымдастырды.
Мешітте жылдағы дәстүр бойынша айт намазынан кейін жамағатқа дастарқан жайылып, 250-ден астам мұқтаж отбасыларға құрбандық еті таратылды. Мешіттің жанына киіз үй тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен ойындар ұйымдастырылды.
«Орбита» мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиев жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап: «Ислам дініндегі барлық мейрамдар мұсылман қауымын ғана емес, дүйім жұртты татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақырады. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бірі-біріне ізгі ниеттер тілеп, ағайын-туыстың көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса, кешірім жасайтын күн», – деді.
Сонымен қатар, бас имам мүгедек балалар үйіне барып, балаларды Құрбан айт мерекесімен құтықтап, сый-сияпат жасады.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2014
3364
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру