Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан мерекесіне орай шағын теңбіл доптан жарыс өтті

07.10.2014 3103 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Орал қаласындағы, Әйтиев көшесіндегі орналасқан облыстық спорт залында шағын теңбіл доптан мешіт қызметкерлері, Орал медресесінің ұстаздар мен шәкірттері және мешіттің жамағаттары  арасында  жарыс болып өтті.

Алдымен облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов ұлық мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шағын теңбіл допқа сегіз команда қатысты. Олар: «Орал орталық мешіті», «Орал медресесі», «Жастар», «Қызыл мешіт», «АТС», «Орал медресесі-2», «Орал», «Патриот» командалары.

Бұл жарыс өте тартысты өтті. Әр команда намысты қолдан беруге тырысты. Жарыстың аты қашанда жарыс.

І-орынды «АТС» командасы (мешіттің жамағаттары) жеңіп алды.
ІІ-орынды «Жастар» командасының (мешіттің жамағаттары) еншісіне берілді.
ІІІ-орынды медресенің ұстаздары мен білімді шәкірттері қанағат тұтты.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
басапасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру