Құрбан айт – халықты бірлікке бастап, жетім мен жесірге және жағдайы төмен жанұяларды мейірімге бөлеп, сауапты амалдар арқылы Алла Тағалаға жақындатары ақиқат. Құрбан айт уақытында ағайын-туыс, көрші-қолаңды аралап, шаттыққа да бөленетін күн.
Бұл күні жағдайы жеткен мұсылман Алланың разылығы үшін құрбан шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасайды.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы жылды «Дін мен дәстүр» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Құрбан айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуді бекіткен болатын. Құрбан айт қарсаңында Алатау аудандық «Бекет-ата» мешіті «Шаңырақ» мөлтек ауданының тұрғындарымен бірге ұлық мерекені ұлттық нақышта атап өтті.
Осы орайда Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде Бас имам Дәуренбеков Орынбасар қажының ұйытқы болуымен «Құрбан айт құтты болсын!» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мейірім мерекесінде балалар да мешіт назарынан тыс қалмады. Мешітіміздің арнайы шақыртуымен №161 балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақта болды. Мешіт ауласына бүлдіршіндерге арналған батут қойылып, концерттік бағадарламалар ұсынылды. Бағдарламада қазақтың қара домбырасы, қобыз және сырнай сынды аспаптармен күйлер ойнатылып, цирктің таланттары және дарабоз жігіттер осы мерекеде өз өнерлерін ортаға салып, бүлдіршіндерді бір қуантты. Көңілдері шаттыққа толған бүлдіршіндерге Құрбан айт қоржынынан тәттілермен ойыншықтар үлестірілді.
Осылайша көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ауданның Бас имамына және мешіт ұжымына бүлдіршін балалар өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдіріп тарқасты.
Айта кетейік, Аудандық «Бекет-ата» мешітінде шалынған құрбан еттерін көп балалы отбасылар, жетімдер үйі мен жағдайы төмен отбасыларға таратылды.
Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2014
3331
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру